Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы Сәбит Дөнентаевтың 130 жылдық мерейтойы мен Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына орай өткізген «Көркемтай» прозалық шығармалар байқауының қазылар алқасы номинанттар тізімін анықтады.

Қазылар алқасының таңдауымен, келіп түскен 20-дан астам үміткер шығарманың ішінен 10 автордың әңгімесі байқаудың шорт-листіне енді.

Бұл тізімнен 5 жеңімпаз анықталады:

1-орын иегеріне – 500 мың теңге;

2-орын иегеріне – 300 мың теңге;

3-орын иегеріне – 200 мың теңге;

Екі арнайы жүлде иегеріне – 100 мың теңгеден сыйақы тағайындалған.

Сонымен, аймақаралық «Көркемтай» прозалық шығармалар байқауының шорт-листіне енген авторлар мен шығармалар:

  1. Әйгерім Қиықбай – «Тоңазытқыш»;

 

  1. Бақберген Дариға – «Таяқ»;

 

  1. Бекзат Алтынбек – «Қисық тротуар»;

 

  1. Бейбітгүл Оралқызы – «Ауылға оралу»;

 

  1. Ғылымнұр Кәдірбай – «Аспан» кафесіндегі кездесу»;

 

  1. Еламан Қабділәшім – «Тұйық»;

 

  1. Жанасыл Серікбол – «Қараша»;

 

  1. Жантас Еркінұлы – «Егін алқабының жиегімен серуендеу»;

 

  1. Кәмила Бейсембай – «Арманын сатқан адам»;

 

  1. Сара Авдол – «Ол сәуленің аты – арман».

«Aiqara.kz»рталы байқаудың ақпараттық қолдаушысы ретінде, шорт-листке енген шығармаларды түгел жариялайтын болады.

Добавить комментарий