Бүгін – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Кәсіби мереке елімізде 2013 жылдан бастап дәстүрлі түрде аталып өтеді.

Мәдениет және өнер өкілдері аймақтың әлеуетін арттыруда халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып келеді.

Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.

Ал мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Сондықтан халыққа үздік мәдени қызмет көрсетіп жүрген мәдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін әрдайым мақтан етеміз.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – музей, кітапхана, театр, филармония, мәдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, жалпы өнер сүйер қауымның шығармашылық мерекесі.

Сіздердің еңбектеріңіз қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, ондағы ең асылды көре білесіздер, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыздар.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Кәсіби шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін! Рухы биік халықтың руханиятына қосар үлестеріңіз қомақты, әр еңбек күндеріңіз сәтті, шығармашылық жетістіктерге толы болсын! Мәдениет пен өнеріміз өркендей берсін!

Добавить комментарий