Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық ҚР Президентінің ресми «Aqorda.kz» сайтында жарияланды.
2024 жылғы мемлекеттік сыйлық:
1. Ақын Светқали Нұржанға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;
2. Жазушы Құлбек Ергөбекке – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;
3. Авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;
4. Суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.