Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әртісі Атамбек Талжібек Жұмаділқызы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жоғарғы марапатты өнер иесіне, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов табыстады.

Атамбек Талжібек Жұмаділқызы 1964 жылы 26 қаңтар айында Алматы облысы Жаркент ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын доцент Е.Сегізбаевтың шеберханасынан тәмамдаған. 1990 жылдан бері Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрына қызмет етеді.

Талжібек Жұмаділқызының сахнадағы рөлдері бай әрі сан алуан. Ол әр жылдары М.Әуезовтың «Айман-Шолпанынды» Айман, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Жібек, Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» Майра, Г.Хугаевтың «Қара шекпенінде» Қуқар, У.Шекспир «Ричард ІІІ-інде» Герцогиня, Бертольт Брехтің «Пері қатынында» Пері қатын сынды елуге тарта рөлді жоғары деңгейде сомады.

Ол әр жылдары өткен республикалық, халықаралық театр байқауларында түрлі жеңгейдегі марапаттарға ие болды. Ал, 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

Добавить комментарий