Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқау жариялады. Бұл – қазіргі қазақ әдебиеті үшін бұрын-соңды болмаған аса маңызды оқиға. Байқау әдебиетіміздің жаңа белестерге көтерілуіне ықпал етіп, одан әрі дамуына тың серпін берері сөзсіз.
Енді қазақ әдебиетінде әлемді дүр сілкіндіретін туынды дүниеге келуі қажет. Мен әріптестерімнің, соның ішінде талантты жас жазушыларымыздың қаламынан мазмұны терең, көркемдік деңгейі жоғары шығармалар туарына кәміл сеніндімін. Мұндай бастамалар қаламгерлерге үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, жаңа шығармашылық ізденістерге жол ашады.
Осы орайда жазушылардың шығармашылықпен еркін айналысуына жағдай жасап, әдебиет саласына қолдау көрсетіп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне ерекше алғыс білдіремін.
Қаламгерлерге шығармашылық табыс тілеймін. Қаламдарыңыз қарымды болсын!
МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы
