Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры көрерменге жаңа қойылым ұсынбақ. «Мұғалім» әлеуметтік драмасы сахналанады.

Сахна төрінде – Ұстаз бейнесі. Ол – жүрегіне ғаламды сыйғызған тұлға. Әрбір сөзі – шәкіртке шамшырақ, әрбір ісі – болашаққа жол сілтер нұр. Мұғалім тағдыры арқылы қойылымда адалдық пен мейірімнің, арман мен үміттің, жауапкершілік пен жанқиярлықтың сыры ашылады. Бұл қойылым мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы мәселелердің шешімін табуға жол бастайды.

«Мұғалімдерді агрессия мен негативтен қорғайтын бірде-бір ұйым жоқ. Олар білім саласындағы ең қорғансыз жандар. Қорғансыз мамандықтың жалынын сөндірмеуге тырысқан жастардың мектепте көп жылға тұраламай, талғажау етерлік басқа жұмыстарға кете баруы да, соның айғағы. Кез-келген кикілжіңде мұғалім кінәлі», – деп ұстаздардың жан айқайын жеткізген Айдана Айдарбекқызы қоғам дертін дәл басқандай…

Қойылым 21-22 қазан күндері, сағат 18:30-да сахналанады.

Авторы: Қолғанат Мұрат;

Режиссері: Әділет Ақанов

Қоюшы-суретші: Айсұлу Шарипова

Добавить комментарий