КІРІСПЕ

Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясы бірлесе отырып «Еңбек адамы – 2025» байқауын өткізетінін хабарлайды.

Бұл игі іс-шара Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына орай ұйымдастырылып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның болашағы инженерлік кадрларды дайындау сапасына тікелей байланысты екендігін, сондай-ақ, осы саланы дәріптеу арқылы жұмысшы мамандықтары беделі мен имиджін көтере отырып, қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттау қажеттігін өте орынды атап өтті.

Бұл байқау Ел Президентінің реформасына сәйкес, «Еңбек адамы – Өндіріс адамы», «Жұмысшы мамандықтары жылы», «Өңірлік даму мен ерекшелікті ашқан үздік материал» және «Инженерлердің қоғамдағы орны» атты негізгі тақырыптарды қамтиды.

Иә, елімізде ғылыми зерттеулер саласы ғасырдан астам уақыт бойы қарыштап дамып келеді. Қазақстандық ғалымдар геологиядан бастап нанотехнологияға дейінгі әртүрлі салаларда ғылыми білімдерді дамытты. Дамыта отырып, ғылыми жетістіктерін әлемдік деңгейде паш етті.                      Қазақстанда ірі халықаралық компанияларда басшылық лауазымдарды атқара отырып, шетелде жұмыс істейтін талантты инженерлермен басқа мамандықтармен аты шығып жүрген ағайындарымыз көп. Тәуелсіздік жылдарында біздің отандастарымыз халықаралық жобалар мен трансұлттық компанияларда жоғары орындарға қол жеткізді. Соның ішінде мысалға:

Мансур Жақыпов, Катардағы ТоtalEnergies басшысы, Доха, мұнай-газ саласында және кен орындарын игеруде 19 жыл жұмыс істеді.

Достай Раманкұлов, инженер-металург. 2005 жылы Нобель сыйлығын алған (МАГАТЭ) командасының мүшесі болып табылады. Австрия, Вена (МАГАТЭ).

Раушан Баетова, руководитель группы инженеров по бурению North Oil Company, Доха, Катар.

Кентай Жарманов, ENI жобаларына қызмет көрсету жөніндегі менеджер, Милан, Италия.

Дамир Достанов, ТШО кеңесшісі, Chevron техникалық орталығы, Хьюстон, АҚШ.

Рафаэль Бекшентаев, Schlumberger цифрлық технологиялар және интеграция бөлімінің менеджері, Пекин, Қытай.

Мұндай үлкен бағаға жету табандылықты, алғырлықты, адалдықты, парасаттылық пен білімдарлықты, ерекше қабілетті керек етері хақ.

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Байқаудың мақсаты:

«ЕҢБЕК АДАМЫ – 2025» республикалық байқауы – әдебиеттегі жұмысшы инженерлер бейнесі, қалың өндірістің ортасында табан ақы, маңдай термен ел игілігіне ерен еңбегімен олжа салып жүрген мыңдаған еңбек адамының тыныс-тіршілігі бейнеленген шығармалардың байқауы болмақ.

 

  1. Байқауды өткізу мерзімі:

Өтінімдерді қабылдау – 2025 жылдың 1-тамызынан бастап 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін;

Байқаудың қорытындысы – 2026 жылдың 15 қаңтарында дейін анықталады.

Марапаттау – 2026 жылдың 15 ақпан күні өтеді.

 

  1. Байқаудың талаптары:
  • Байқауға еліміздегі кәсіби және әуесқой жазушылар, сондай-ақ, шет елдердегі қандас қаламгерлер мен шығармашылыққа қызығушылығы бар тұлғалар қатыса алады.
  • Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігіне, шығарманың көлеміне шектеу қойылмайды.
  • Шығарма түрлері: повесть, роман, әңгіме, эссе, новелла.
  • Шығармалар қазақ немесе орыс тілінде қабылданады.
  • Жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар қабылданбайды.
  • Қатысушы шығармасымен бірге өзі туралы ақпарат (1 бет көлемінде) және фотосуретін (сапалы) қоса жіберуі тиіс.
  • Шығармалар Word бағдарламасында (кегль – 14, жоларалығы – 1, қарпі – Times New Roman) жазылуы тиіс.
  • Қолжазбалар jazushylsr_odagy@mail.ru электронды пошталарында қабылданады.
  • Байқауға қатысқандар шығармасын бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді, қаламақы талап етпейді.
  • Байқауға келіп түскен шығармалар сараланып, соның ішінен үздік деп табылған 21 шығарма (Шорт-лист) іріктеліп алынады.
  • Ал қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін түскен шығармалар байқауға қатысушы ретінде тіркелмейді.
  • Авторлар осы шарттарды түгел орындаған кезде ғана қатысушы ретінде байқауға тіркеледі.
  • Байқауға Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, өзін-өзі өлтіруді, порнографияны, есірткіні, сепаратизм идеяларын, алаяқтықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын ақпаратты үндеу, насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне және аумақтық тұтастығына күмән келтіретін және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге де құқыққа қайшы шығармалар қабылданбайды.

 

  1. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі:

«ЕҢБЕК АДАМЫ – 2025» республикалық байқауға қатысушылардан қабылданған шығармаларды жазушылардан, ғалымдардан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы қарайды. Алқа мүшелері шығармаларды сараптап, үздіктерді дауыс беру арқылы анықтайды.

Қазылар алқасының мүшелері шығармаларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • Көркемдік деңгейі;
  • Тіл тазалығы;
  • Сөздік қорының байлығы;
  • Өзіндік стильдің болуы;
  • Тақырып өзектілігі;
  • Мазмұн тереңдігі;
  • Тарихи әділдігі.

Осы критерийлерге жан-жақты сай келген шығармалар номинациялар бойынша жеңімпаз атанады.

Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды және қайта қаралмайды.

 

  1. Марапаттау:

Қазылар алқасының ұйғарымымен жүлдегер атанған шығармалар мен авторлар салтанатты түрде марапатталып, сыйлықтары табыс етіледі.

«ЕҢБЕК АДАМЫ – 2025» республикалық байқауында шығармасы ең үздік деп танылған Бас жүлде (Гран-При) алған қаламгерге «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ-і мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының Төс белгісімен және Дипломымен марапатталады.

Бас жүлде (Гран-При) – 10 000 000 (он миллион) теңге.

1-орын (сертификат) – 5 000 000 (бес миллион) теңге.

2-орын (сертификат) – 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге.

3-орын (сертификат) – 1 000 000 (бір миллион) теңге.

Сонымен қатар байқауға қатысушылар:

  1. «Заманауи өндірістегі еңбек адамының бейнесі»;
  2. «Инженерлердің қоғамдағы орны»;
  3. «Өңірлік даму мен ерекшелікті ашқан үздік материал» аталымы бойынша 500 000 (бес жүз) мың теңгеден ынталандыру сыйлықтары бойынша марапатталады.

 

Толығырақ ақпаратты «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ-і мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясы сайтынан қарауға болады.

Байланыс телефондары: +7 (727) 261 62 95, +7 (727) 339 12 89

Электрондық пошта: nia_rk@mail.ru, jazushylar_odagy@mail.ru

Жүктеу:

Ереже (docx).

Өтінім үлгісі (docx).

Добавить комментарий