2024 жылы «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс бойынша жариялаған конкурстан «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы, «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты 3 жобаны ұтып алып, сәтті орындап шыққан болатын. Биыл да сол жабалар жалғасын тауып отыр.
Қаламгерлер назарына конкурсқа құжаттар қабылдау басталғанын ескерте отырып, барша әріптестерімізді жобаға қатысуға шақырамыз.
«ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ӘДЕБИ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІ» КУРСЫ
Жобаның талаптары:
– Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жас қаламгерлер (18-35 жасқа дейін) өтінім бере алады;
– Өтінім беруші Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болуы міндетті емес.
Жобаның іске асу кезеңдері:
– Қазақстан Жазушылар одағы дәріс оқитын, шеберлік сыныбын өткізетін шетелдік және отандық танымал қаламгерлерден тұратын «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебін» құрады (Шеберлік мектебінің мүшелері халықаралық беделді әдеби сыйлық иегелері, Қазақстанның Халық жазушылары, Мемлекеттік сыйлықтың және беделді әдеби сыйлықтардың лауреаттары, жетекші әдебиеттанушы ғалымдар, әдебиет пен баспа ісіне қатысы бар кәсіби мамандар болуы тиіс).
– Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шығармашылық өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткен жетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.
– Тізімге енген жас қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебіне» 10 күндік оқуға келеді (Оқу бағыттары: шетелдік және ұлттық әдебиеттің бастауы, бүгіні мен болашағы, шығармашылық бағыт-бағдар, жазушы зертханасы т.б.).
Әдеби шеберлік мектебіне қатысушы жас қаламгерлердің жолы, тамағы және жатын орны Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан төленеді.
Жоба соңында әр жас қаламгерге сертификат беріледі.
Жобаның мақсаты – жас қаламгерлерді қолдау, әдеби процестермен таныстыру, шеберлік дәрістерін тыңдату, жаңа шығармалардың жазылуына ықпал ету.
Өтінімдер осы хабарландыру жарық көрген күннен бастап, 2025 жылғы 1-шілдеге дейін келесі тізбек бойынша қабылданады:
- Өтінім;
- Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;
- Белгілі қаламгер немесе Қазақстан Жазушылар одағы облыстық өкілінің қолы қойылған ұсыныс.
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ ПАНОРАМАСЫ»
Жобаның талаптары:
– Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жас қаламгерлер (18-35 жасқа дейін) өтінім бере алады;
– Өтінім беруші Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болуы міндетті емес.
Жобаның іске асу кезеңдері:
– Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шығармашылық өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткен жетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.
– Тізімге енген жас қаламгерлер еліміздің әр облысына өңірдің тарихы, мәдениеті мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу, жазатын шығармасына ақпарат жинау үшін шығармашылық іссапарға жіберіледі.
Қаламгердің іссапар шығыны мен қаламақысы ұйымдастырушылар тарабынан төленіп, кітабы жарық көреді.
Комиссия шешімі қайта қарауға жатпайды.
Жобаның мақсаты – жас қаламгерлерді қолдау, Қазақстанның әр аймағының тарихы мен мәдениетін бүгінгі күнмен ұштастыра отырып, Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасын жасау.
Өтінімдер осы хабарландыру жарық көрген күннен бастап, 2025 жылғы 1-шілдеге дейін келесі тізбек бойынша қабылданады:
- Өтінім;
- Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;
- Белгілі қаламгер немесе Қазақстан Жазушылар одағы облыстық өкілінің қолы қойылған ұсыныс.
«ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРХИВТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ»
Жобаның талаптары:
– Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жазушылар өтінім бере алады (жас шектеуі жоқ);
– Өтінім беруші Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болуы міндетті.
Жобаның іске асу кезеңдері:
– Қазақстан Жазушылар одағы архив жұмысын қамтамасыз ету, алынған материалдарды жүйелі өңдеу, оларды жалпылау және сапалы талдау жүргізу мақсатында Архив материалдарын зерделеу жөніндегі ақпараттық орталық құрады.
– Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шығармашылық өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткен жетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.
– Жеңімпаз атанған қатысушылар ТМД елінің белгілі бір қаласындағы архив мекемесіне жіберіледі.
Қаламгердің іссапар шығыны мен қаламақысы ұйымдастырушылар тарабынан төленіп, кітабы жарық көреді.
Комиссия шешімі қайта қарауға жатпайды.
Жобаның мақсаты – ТМД елдерінің мұрағаттарында Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті бойынша жаңа мұрағаттық материалдарды анықтап, зерттеулер жүргізу және Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті бойынша ТМД елдерінің мұрағат материалдары негізінде ғылыми-танымдық, ғылыми-зерттеу немесе очерк сипатындағы кітаптар немесе архивтік материалдар жинақтарын шығару;
Өтінімдер осы хабарландыру жарық көрген күннен бастап, 2025 жылғы 1-шілдеге дейін келесі тізбек бойынша қабылданады:
- Өтінім;
- Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;
Өтінімдер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй,
26-кабинет мекен-жайына,
немесе jazushylar_odagy@mail.ru электрон поштасына жіберілуі керек.