Наурыз мейрамы – елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру ісінің аясында бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі.

Төл мерекемізді тойлаудың дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі жарияланып, оның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналады:

14 наурыз (бейсенбі) – «Көрісу күні– амал мерекесі». Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт.

 

15 наурыз (жұма) – «Қайырымдылық күні». Бұл күн қайырымдылық, мейірім мен тату-тәтті көршілік тақырыбына арналады.

 

16 наурыз (сенбі) – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.

 

17 наурыз (жексенбі) – «Шаңырақ күні». Бұл күнде отбасы құндылықтары дәріптеледі.

 

18 наурыз (дүйсенбі) – «Ұлттық киім күні». Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдер көрсетілімі мен фестивальдерін өткізуге ерекше назар аударылады.

 

19 наурыз (сейсенбі) – «Жаңару күні». Бұл күн «Наурыз – елдің заманауи тарихындағы ауқымды өзгерістерге жол ашқан жаңа саяси кезеңнің бастауы» қамқорлығымен өткізіледі.

 

20 наурыз (сәрсенбі) – «Ұлттық спорт күні». Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.

 

21 наурыз (бейсенбі) – «Ынтымақ күні». Бұл күннің символдық және біріктіруші бастамасы қала тұрғындарын әлеуметтік желілерде, телеарна эфирлерінде құттықтаудың мерекелік эстафетасын іске қосу болмақ.

 

22 наурыз (жұма) – «Жыл басы». Бұл күні мерекелік атмосфераны жасауға бұқаралық іс-шаралар мен халықтық мерекелер ықпал етеді.

 

23 наурыз (сенбі) – «Тазару күні». Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізіледі.

Добавить комментарий