Әкімнің мойны қылшадай, басы – таудай

***

Әкімнің ақысы болса,

Қараның қақысы бар.

***

Сараң бек ел билейді.

***

Ел басшысы қадірлі болса, қалғандары сыйлы болады.

***

Билеуші көркі – саясат.

***

Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,

Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.

***

Әкім көп беріп, аз алатын болсын.

***

Патша жоғарылаған сайын жүгі ауырлайды.

***

Ессіз әмір ел бұзар.

***

Ханның әділетсіздігі – бар бәленің көзі.

***

Хан да – құдайдың құлы.

***

Бек тәтті өмірді сүйсе, елдің күні қараңғы.

***

Бек бергенімен биіктер.

***

Әлем билеу үшін зерде – тірек қой,

Ел билеуге керек – ақыл, жүрек, ой.

Жақсы тәртіп орнат – сонда сыйлайды,

Онсыз халық бір уысқа сыймайды.

Добавить комментарий