Pavlodar, KZ
Ясно

Академик Қаыш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай ғалымның атындағы Баянауыл мемориалдық музейінің ұйымдастырумен «Қаныш және халық музыкасы» атты аймақтық ән байқауы өтті.

Қатысушылар Қаныштың бала күнінен естіп, сусындап өскен әндерінен бір ән және композитор А.В.Затаевичтің «500 қазақ әні мен күйлері» жинағына енген Қаныш Сәтбаевтың өз даусымен айтылған 25 әнінен бір ән, жалпы екі ән орындады.

Аймақтық ән байқауына қатысуға 11 өнерпаз ниет білдірді. Талантты жастардың өнеріне баға берген қазылар алқасына облыстық, республикалық дәстүрлі әндер байқауының лауреаты, «Кейкі батыр» атындағы арнайы төсбелгісінің және Республикалық «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, ҚР Құрметті азаматы Самал Жакупова төрағалық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідегідей бөлінді:

Бас жүлде – Майқайың балалар өнер мектебінің ұстазы Исламбек Каримов.
І орын – М.Әуезов атындағы ЖОББМ оқушысы Динара Тілеубекова.
ІІ орын – Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінің әншісі Тілек Магулов.
ІІІ орын – Ақсу қаласының дәстүрлі әншісі Нұрдос Кеңес.

Қаныш салған әндерді қайта әуелеткен байқау жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий