Pavlodar, KZ
Ясно

          Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы Сәбит Дөнентаевтың 130 жылдық мерейтойы мен ҚР Жазушылар Одағының 90 жылдығына орай, сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау мақсатында аймақаралық «Көркемтай» прозалық шығармалар (әңгіме) байқауын өткізеді.

  1. Аймақаралық «Көркемтай» прозалық шығармалар (әңгіме) байқауына Астана қаласы, Павлодар, Семей, Қарағанды өңірлерінің 16-35 жас аралығындағы қаламгерлері қатыса алады;
  2. Байқауға көлемі 15 беттен аспайтын әңгіме жанрындағы прозалық шығармалар қабылданады;
  3. Байқауға ұсынылған шығарма бұрын байқауға қатыспаған, ешқайда жарияланбаған болуы тиіс;
  4. Байқауға жолданған көркем туындылардан Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығының рухымен үндес әңгімелерге басымдылық беріледі;
  5. Әрбір қатысушы бір ғана шығарма ұсына алады;
  6. Әріптік және стильдік қателіктердің болмауы талап етіледі;
  7. Шығармалар мазмұны мен идеясының тереңдігі, жазушының шеберлігі, авторлық жаңашылдығы, ішкі психологиялық иірімдер мен көркем эстетикасы бойынша бағаланады.
  8. Қатысушылар келіп-кету шығындарын өздері көтереді.
  9. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды.
  10. Ұйымдастырушылар байқаудың жеңімпаз шығармаларын баспа беттерінде жариялау құқығына ие.
  11. Қатысушылар туралы мәліметті (шығарманың атауы мен мәтіні, жұмыс, оқу орны, лауазымы байланыс телефондары) 2024 жылғы 22 қарашаға дейін Ақсу қаласы әкімдігінің «С.Дөнентаев мәдениет сарайының»  korkemtaidonentaev@yandex.kz электронды поштасына жіберуі тиіс.
  12. Шығармалар 2024 жылғы 22 қарашаға дейін қабылданып, әділқазылар алқасының сараптамасынан өтеді. Тек жеңімпаз деп танылған бес қаламгер қараша айында өтетін марапаттауға шақырылады.
  13. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың жүлде қоры:

1 орын – 500 мың теңге

2 орын – 300 мың теңге

3 орын – 200 мың теңге

Арнайы жүлде – 100 мың теңге

Арнайы жүлде – 100 мың теңге

 

«Көркемтай» прозалық шығармалар (әңгіме) байқауына қатысқысы келетін жастар төмендегі мекенжайға хабарласуын сұраймыз: Ақсу қаласы, Әуезов көшесі, 8-үй, С.Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы.

Байланыс телефоны: 8 (71837) 602 04, 8 707 841 90 08

 

Өтінім үлгісі

Қала, аудан атауы:

Қатысушының ТАӘ:

Туған күні, айы, жылы:

Оқу/жұмыс орны, лауазымы, ұлты:

Байланыс телефоны:

Добавить комментарий