Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл конституция 1995 жылы 30 тамыздағы республикалық референдумда мақұлданды, 1995 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді.

  • ҚР Конституциясы 9 бөлімнен, 99 баптан тұрады (84-бап жойылған). Ең көп баптан тұратын бөлім – «Адам және азамат» бөлімі. Бұл бөлімде 30 бап бар.
  • Конституцияда барлығы 11 904 сөз жазылған (ескертулерді қосқанда).
  • Ең көп қолданылған сөз – «республика» сөзі 354 рет жазылған.
  • Жалпы, Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда қабылданды.
  • Қолданыстағы Конституцияға 7 рет өзгерістер енгізілген.
  • Конституция күнінің құрметіне 2014 жылы Астана қаласында ең үлкен пицца пісірілді. Ол жоспардағыдай 15 метр болып шықпағанымен, диаметрі 5 метрге жетіп, рекорд орнатты.
  • 1995 жылы Конституция жобасын талқылауға үш милионнан астам Қазақстан азаматы жұмылдырылды.

2022 жылы референдумда енгізілген өзгерістер:

  • Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті;
  • Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі;
  • Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ;
  • Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
  • Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ;
  • Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады;
  • Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылды;
  • Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді;
  • Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталды.
  • Жалпы құқықтық жағынан алғанда негізгі өзгерістердің бірі — Конституциялық Соттың құрылуы болды.

 

коллаж: Халық үні

Добавить комментарий