
Xалық суретшісі Сахи Романовтың шығармашылығы Қазақстан өнерінде ерекше орынға ие. Қылқалам шеберінің бірегей дарындылығының көпқырлылығы ретінде суретшінің тұғырлы кескіндеме және графика салаларымен қоса, «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген фильмдердің декорациялары мен костюмдерінің нобайларын жасаудағы бағаланбас шығармашылық еңбегі соған бірден бір дәлел.
Дарынды суретші ретінде Сахиды көркемөнер ортасында алғаш рет танымал еткен «Қырық өтірік» атты қазақ халық ертегісіне иллюстрациялар топтамасы ретінде орындалған суретшінің дипломдық жұмысы болған.

Есек мінген бала. «Қырық өтірік» ертегісіне иллюстрация. 1955 жыл
1955 жылы республикалық көрмеде көпшіліктің назарына ұсынылған аталмыш графикалық туындылар авторды әлемге өзіне ғана тән айшықты қолтаңбасы мен өмірге деген терең көзқарасымен ерекшелінетін нәзік және дана суретші ретінде танытты. Ертігілердің иллюстрацияларынан әшекейсіз бейнеленген шынайы өмірдің көріністері бірден байқалатын. Басты кейіпкердін халық арасынан шыққан баланың бастан кешірген оқиғалары көңіл-күйді көтеріп, күлімсіретіп қана қоймай, өмір шындығын ертегідегі суреттелген бейнелер арқылы ашты. Ертегідегі баяндалған сюжеттер Қазақстанның оңтүстігінде суретшінің туған ауылында өткен балалық шағындағы өмірлік оқиғалары мен көріністері кағаз бетінде баяндалып, шексіз ирониямен сыналған жағымсыз кейіпкер – хан мен ертегінің баска кейіпкерлерінің бейнелері қаншалықты шынайы және нанымды болып шыққаны мен суреттердің көрермен үшін жақын әрі түсінікті болып шыққаны осыған байланысты.

Өлім жазасының сценасы. «Қырық өтірік» ертегісіне иллюстрация. 1955 жыл
Жетім және аш-жалаңаш күйінде сегіз жасқа толмаған Сахиды Орынбор облысындағы Сарықташ ауданының Ольшанка аулында орналасқан жетімдер үйіне тәрбиелеуге тапсырды. Есімін келешек қылқалам шебері өзі ойлап тапты: Сахи есімінің қазақша баламасы жеңіскер болса, ал арабша мағынасы – жомарт және қайырымды. Жетімдер үйінен соң ол интернат пен кәсіптік училищесі, кейіннен Орынбордағы көркемөнер студиясында білім алған.
Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында Сахи Романов Харьковтан эвакуацияланған қару-жарақ зауытына жұмысшы ретінде жіберіліп, кейіннен Куйбышев каласындағы станок жасау зауытына ауыстырылды. Сол уақытта эвакуацияда суретшілер В.П.Ефанов пен Г.К.Савицкий шығармашылықпен айналысып, Мәдениет үйінің студиясында ұстаздық еткен. 1944-47 жылдарының аралығында Сахи Романов Мәскеу орта көркемөнер мектебінде білім алса, 1947-48 жылдары Ленинград қаласындағы И.Репин атындағы институнда кескіндеме бағытында Б.А.Фогель және суреттен сабақ берген М.Д.Бирштейн ұстаздарынан білім алған. Алматы қаласының баспаларында қызмет еткеннен кейін, 1950-1955 жылдары ВГИК-тің көркемөнер факультетінің бірден екінші курсынан оқуын жалғастырып, Ф.С.Богородский, Г.М.Шегаль, Ю.И.Пименов, И.А.Шпинель сияқты танымал суретшілердің ұстаздығымен шеберлігін жетілдірген.
ВГИК-ті тәмамдаған соң Сахи «Қазақфильм» киностудиясына жұмысқа кіріседі. «Біз осында тұрамыз», «Қанатты сый», «Өмір жолы», «Тұлпардың ізі», «Даладағы қуғын», «Алдар Көсе», «Ән қанатында», «Найзатас баурайында», «Құлагер» сияқты бейнефильдердің жарық көріп, түсірілуне қоюшы-суретші ретінде атсалысқан. Қылқалам шеберінің шығармашылық жұмыстарында сол уақыттағы кинематографияға тән өмірлік шындық бейнелеумен қатар кейіпкерлердің бейнелерін, дүниетанымдары мен мінездерін жарықтандыру, түстері және кадр құрылымдары арқылы көрермендерге жеткізуде суретшінің жеке көзқарасын баяндайды. Кинода қызмет еткен шығармашылық ұжыммен республиканың барлық аймақтарын аралаған іс-сапарларынан суретші келешекте жарық көрген тұғырлы өнер туындылары үшін негіз болған мол деректерді жинауға мүмкіндік алды.
Сахи Романовтың кескіндемелік туындылары тұрмыстық сахна бейнесін пейзажбен үйлесімді түрде байланыстыратын сюжеттік көріністерді бейнелейтін. Қазақстан өнеріне тән ұлттық ерекшелігімен сипатталады. Халықтың өмір салты жер байлығымен ажырамас байланыста ашылады. Табиғаттың әсем сұлулығының суреттеудегі лирикалық сарын күнделікті өмірдің бейнелерінде поэтикалық көңіл-күй тудырады.
Суретші фильмдер мен тұғырлы өнер туындыларын жасаудағы жұмыстарды біріктіреді. Ол туған халқының өмірі мен дүниетнымындағы ерекшеліктерін зерттейді. Бұл эскиздерді жанды бейнелермен байытып, кадр құрылымын нақты анықтау әдетіне негіз болып, тұғырлы өнер туындыларын эмоционалды күйге толтырады. Белсенді «өзіңді тану бойынша ізденістер» кезеңінде Сахи туындыларында ішкі дүниесін жеткізу үшін сызық пен штрихтерді кеңінен қолданады.
Сахи Романов шығармаларының эмоционалды күшінің артуына натураны дамыту бойынша тынымсыз жұмыс пен ізденістері ықпал етеді. Егер бастапқыда этюдтерді орындау жұмысы типаж, бейнефильм сахнасына қажетті композициялық шетін іздеп түсінуді толықтырса, кейіннен этюдтер суретші шығармашылығында дербес бағытка айналды. Натураны бейнелеп суреттеуде Сахи «туған жердің иісін» сезіне алады.
Туған даланың тартымдылығын, олармен үзілмейтін жақындық туралы сезімін суретші барлық тақырыптарында жалғастырып өңдейді. Суретші шетелдегі мемлекеттерге шықса да, Отанының түкпір-түкпіріне саяхат жасаса да, оның шығармашылығы жаңа түстермен, ырғақтармен, реңдермен байытылады. 1968 жылы Венгрияға сапар Сахиге пейзаждардың мүлдем басқа сипаттамаларын сезінуге мүмкіндік берді. Біраз уақыттан кейін Қарқара жайлауына армениялық суретшілерге жолсерік болып жүріп, кезінде суретші өзінің туған өлкесінің түрлі-түсті байлығын жаңаша түрде сезінеді. Көңіл-күй мен түс өзгеріп, суретші алғашқы шығармаларына тән тұйық үйлесімділікті іздемей, безендіріліп әшекейленуге толы сарын мен реңдер пайда болады.

Торайғыр аңғары. 1969 жыл
1969 жылы Сахи «Найзатас баурайында» атты фильм түсіріліміне катысу үшін Баянауылға келеді. Шәкен Аймановпен бірлесіп жасалған бұл жұмыс қылқалам шебері үшін шығармашылығындағы ең маңыздылардың бірі болды. Шәкен Аймановқа режиссер ретінде сюжетті толыққанды және өмірлік тұрғыда көрсету маңызды болғандықтан, Сахимен өзара толық түсіністік тауып шығармашылық етті. Сценаридің мазмұндык желісі ұрпақтар тағдырын салыстыруға негізделгенімен, сонымен қатар дәстүрлердің сабақтастығын, халық өміріндегі тарихи қалыптасқан ерекшеліктерін көрсету маңызды болды. Фильмнің бұл желісін ұлттық ойындардың көріністері, үйлену тойы сипаттайды. Сахи қажетті эмоцияларды жеткізу үшін сәйкес келетін табиғи ландшафттарға үлкен мән бере отырып, павильонды декорацияларды қолданудан бас тартты. Суретші декорацияларды жарқын түсті дақтармен, контурсыз, көңілді оптимистік көңіл-күй беру арқылы көрермендерге жеткізді.
Фильмнің басты кейіпкері геолог-инженердің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын сценаридің сюжеттік бағытына байланысты таулы пейзаждарды декорация ретінде колдануға мүмкіндік берді. Аталмыш түсірілім аралығында Шәкен Аймановтың портреті салынды.

Шәкен Аймановтың портреті.
Портрет тұғырлы болып жарық көрді. Режиссердің бет-әлпеті тау шатқалдарына сәйкес келіп, олармен бір жартастан ойып салғандай сезім береді.
1969 жылы Баянауыл өңіріндегі Торайғыр көлінде түсірілген «Найзатас баурайында» фильмі Бейсембайдың рөлін сомдаған Шәкен Айманов үшін соңғы фильм болды.
Дәл осы жерде, 1969 жылы суретшінің шығармашылығында көркемдік әсерлер мен метаморфозалар орын алып, Сахи Романовтың бірегей қайталанбас стилі пайда болды. Бұл түсірілімдер зор шығармашылық шабыт тудырып, керемет эскиздердің жарық көруіне ықпал етті. Жиналған деректер мен материалдар кейінірек, 1970 жылы орындалған шығармашылық туындылардың негізі ретінде қолданылды. Бұрын кылқалам шеберінің палитрасында ұстамды түспен суреттелінетін контур мен силуэтке көп көңіл бөлінсе, казір белсенді жарқын реңдер басым болды. Көркем эскиздерде көңіл-күй мен бейнелер әлемі тек түс арқылы беріледі. Композициялық шешім, әдетте, Қазақстанның табиғатына тән элементтерге негізделген көкжиектегі тау жоталары тұйықталған, алысқа қарай шегінетін кең дала. Бейнелер түрлі-түсті нюанстар көмегімен ерекшеленеді: таулар күлгін, қызыл, қызғылт сары, көк немесе ақ түсті болуы мүмкін. Сонымен бірге, жер, керісінше, сары-сарғыш немесе көк-сұр, содан кейін кенеттен алтын қоңыр түсті бояулармен орындалады. Суретшінің палитрасы калың әрі жарқын, соққылары батыл, сенімді, қарама-қайшы және түрлі-түсті. Сонымен катар, бұл соққылар басты болып табылады, олар кейде дөрекі және тура, бірақ әрқашан нанымды және жігерлі, мәнерлі болады. Күн сәулесі суретші үшін жаңа эмоционалды-мағыналық көкжиектер ашады, оның шығармаларында жерді рухтандыратын, оған ыстық тірі қанды құятын қуатка айналады. Оның түсіндіруіндегі ең қарапайым пейзаждар эпостық кеңдікке, жердің мәңгілігінің керемет сезімін иеленеді. Табиғаттың нақтылы күйі метафоралық тұрғыдан тұғырлы бейнелілікке көтерілген, бұл эскиздерді қабылдауды сәндік және ажырамас туындыларға айналдырады.
Сахи Романовтың туындыларындағы «халық шығармашылығын» жаңашылдық ерекше көзбен өңдеу суретшінің «натурамен», туған өлкесімен қарым-қатынас пен байланыстан қалыптасады. Дала пейзаждарынан алынған шабыт арқасында жарық пен түсті кеңістік, дақтар, көлеңкелер мен ауа ағындарын сюжеттік көріністердің фоны ретінде шебер қолдану арқылы адам мен табиғат үндестігінің сезімі пайда болады.
Көп жағдайда жеке кескіндер үлкейіп, белгілі бір пішінге ие болады. Суретші шығармашылығында күн сәулесі мен құмның әсерінен қарайған бет-әлпетімен, сәндік көлеңкесіз, күнделікті ауыр жұмыстармен айналысып табиғатпен толық үндестікте болған қарапайым адамдарға қызығушылық танытады. Жалпы айтқанда, Сахи портреттік жанрды жеке тұлғаның ішкі дүниесін сипаттау үшін қолданады. Негізінен бұл адамдар оған дүниетанымдары бойынша рухани жақын, шығармашылық, мақсатты, мағыналы тұлғалар болып табылады. Тіпті оның әйелі мен қызы, Тұрсын мен Жайран, олармен қатар басқа әйел портреттерімен қоса көл, дала немесе таулар сияқты қоршаған табиғатпен бірдей түсті және текстуралы түрде ұсынылған. Портреттік ұқсастығына қарамастан бірегей ерекшеліктерге ие бұл бейнелер табиғаттың сұлулығына батырылған шуақты күннің әсерінен жарқын түрлі-түсті болып көрермендер назарына ұсынылады.
1972 жылы Алматы қаласында цирк ғимаратының құрылысы аяқталды. Қазақтың киіз үйіне ұқсатылып таулы ландшафттың арасында бой көтерген заманауи ғимарат қаланың ерекше сұлулығын айқындап, қала тұрғындары үшін көрнекті орынға айналды. 1973 жылы «Алматыдағы цирк» этюды жылы реңді түстермен, үлкен динамикалық қылқалам соққыларымен орындалып, жарыққа толтырылған. Цирк ғимаратының нәзік сәулеттік бейнесі жастық шақ, сергектік пен жаңарудың бейнесі ретінде қабылданады.
Туындыларына алғаш көз салғаннан шығармашылық ауқымы кең суретші туралы түсінік алуға мүмкіндік бар. Қылқалам шебері үшін өнердегі басты мақсаты реалистік өнерде биік гуманистік құндылықтарды насихаттау, зұлымдық күштерінен үстем болып, игілік пен парасат жеңісінің маңыздылығы. Өнер мемлекетіміздің ішінде болып жатқан процестерді бейнелейтін ажырамас бөлігі. Суретші өмірді туған жерінің сұлулығы, жасампаздық, енбек жеңістері, адамдардың өмірі арқылы қабылдайтын. Ол асқар таулы, көгілдір өзендер мен көлдер, жасыл дала шөптерін күн сәулесіне шомылған жарқын түстер палитрасымен бейнелеп, туған жерге деген махаббатын білдіретін. Суретші шығармашылығының қайталанбас ерекшелігі оның жүрегінен, жан дүниесінің тереңінен, туған жердегі «тамырларын» сезінуден, жомарттық пен өмір қуанышынан туындайды.
1981 жылы Сахи Романов «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, Қазақстан Республикасының Халық суретшісі атағына ие болды.
«Сахи Романов. Ғылыми каталог» кітабынан (Көкшетеу, 2021 жыл) әзірленді.
