«Павлодарлық қаламгерлер таңдаған үздік 10 кітап»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда көтерген маңызды ұсынысының аясында елімізде отандық әдебиеттің ең үздік 100 шығармасын анықтау мақсатында жалпыхалықтық онлайн сауалнама жүргізілуде. Сауалнама мақсаты – оқырмандар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби мұраны ұлықтау. Сауалнама eGov порталы арқылы жүргізіледі. Кез-келген азамат арнайы анкета дайындалған eGov Mobile қосымшасына тіркеліп, өзінің таңдаулы 10 кітабын ұсына алады. Қатысушы тарихи шығармаларды, балаларға арналған кітаптарды, көркем шығармаларды немесе фантастика, детектив ұсына алады. Кітаптардың жанрына шектеу жоқ. Сауалнама 23-шілдеге дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күнінде жарияланады.
«Aiqara.kz» порталы бастаманы қолдай отыра, «Павлодарлық қаламгерлер таңдаған үздік 10 кітап» айдарын бастайды.
Назарларыңызға порталымыздың бас редакторы Асыл Әбішев таңдаған үздік 10 кітапты ұсынамыз:
1. Мұхтар Әуезов – «Абай жолы»
2. Ғабит Мүсірепов – «Ұлпан»
3. Қаржаубай Омаров – «Әке»
4. Бердібек Соқпақбаев – «Балалық шаққа саяхат»
5. Қалмұқан Исабай – «Қаныш аға осындай еді…»
6. Қалмұқан Исабай – «Шоң би»
7. Әбділдә Тәжібаев – «Есімдегілер»
8. Сәбит Мұқанов – «Өмір мектебі»
9. Зейтін Ақышев – «Шынардың шыбығы»
10. Сәкен Жүнісов – «Ақан сері»