Ақынның паспорты – азаматтық лирикасы. Қазіргі қарақұрттай қаптаған өлеңшілердің бәріне тән осалдық – азамат болмай жатып, ақын болсам деп арамтер болып жүргендігі. Арғы, бергі классикалық әдебиетке жүгірте көз салсаңыз, адамзатты алаң ойға салып, махаббат пен әділет сезімі төрткүл дүниені тебіренткен небір ірі-ірі тұлғалар алдыңыздан шығады. Гомер, Гете, Пушкин, Абай, Достаевский, Мағжан, Қасым, Габриел Гарсия Маркес, Мұқағали…
Қуқарақан басының ойы мен мұңын «жырлайтын» ұсақ-түйек пенде Әдебиет дейтұғын Әлемдік Рентген алдында кеудесін ашып тұра алмайды! Тұрса – күйкілігі көрініп қалады…
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
Ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері.