Бір өлең – бір әлем

 

(элегия)

Дос дейтіндей дос жоқ-ау менде бүгін,

Сыр айтар ем қалмапты ешбірі де.

Өмір маған ұсынад семген гүлін,

Әлде уақыт өткен соң ескірді ме?

 

Осыншама ғұмыры қысқа ме еді,

Махаббатпен өсірген өмір-гүлдің.

Қауызындай бүр жарған ішкі әлемі,

Таңырқатты.

Тылсымға көңіл бөлдім.

 

Жұмбақ әлем екен ғой гүл – дейтұғын,

Ішке тартып,  демін  ол  күрсінеді.

Мұң шалған қабағын емдейтұғын,

Жұлмаңдаршы кірпігін тіксінеді.

 

«Аяушылық танытпай адамдарың,

Сағағымды қиып ылғи қинайды.

Жасаған боп пенделік амалдарын,

Жұлып алып бір-біріне сыйлайды»

Добавить комментарий