Бір өлең – бір әлем

Ергежейлі. Бойы да жоқ, ойы да,

Тамақ ішіп тұрса болды тойына.

Гулливерді көрсе егерде – жауы сол,

Қарамайды жердің құрты – бойына.

 

Қарамайды, атылады сөз-оқтар,

Ештеңеден қаймықпайды кәззаптар.

Есенберлин ұлық сыйлық аларда,

Мәскеу жаққа арыз жазды – қазақтар!

 

Жазды-ау, шіркін, өршеленіп, сабаздар,

Қардан емес, боран тұрды қағаздан!

Бұл жаққа да арыз-шағым жолданды,

«Қарау керек тәртібін», – деп, ол аздай!

 

Есенберлин ала алмады, ақыры,

Іш құсадан өлді кейін батырың.

Думбадзені хан көтерген гүржілер,

Қонақ қылды алыс пенен жақынын…

 

Одақ та жоқ, ұлық сыйлық жоқ енді,

Керек етер көп еңбекті, көлемді.

Бір қазаққа бұйырса деп ойлаумен,

Қазір, міне, аңсап жүрміз Нобельді!

 

Үміткерлер көрінбейді бұл маңда,

Судың өзі құрыды ма жылғаңда?

Нобельді де алдырмайды, көр де тұр,

Ергежейлі аман-есен тұрғанда!

 

P.S: «Көшпенділер» де ұсынылған 1980 жылы Лениндік сыйлық грузин жазушысы Нодар Думбадзенің «Закон вечности» романына берілген болатын.

Добавить комментарий