Тәуелсіздік

Тәуелсіздік – арайланған таң нұрым,

Тәуелсіздік – шырқап салар ән-жырым.

Тәуелсіздік – ол рухани жаңғыру,

Тәуелсіздік – менің тәтті тағдырым!

 

Дүбірлетсе ат тұяғы даланы,

Қамшыласа сауырдан тер ағады.

Сорғалаған өзегінен қанды ірің,

Тәуелсіздік емдеп берген жараны

 

Тәуелсіздік – бүлкілдеген тамырда,

Тәуелсіздік – буырқанған қанымда.

Мәңгілік ел жалғасатын ғасырға,

Тәуелсіздік – ұрпақтардың жадында.

 

Тәуелсіздік шырағы

Елес, елес,

Елес емес

Бұл шындық!

Азаттыққа жетуге біз

Ұмтылдық,

Құлшындық!

Ұрандамай,

Бұлаңдамай

Біз тындық!

Бодандықтың құрсауынан

Босануға

Ұмтыладық та құтылдық!

 

Түн түндігін

Түріп тастап жұлдыздарды

Самсаған!

Тәуелсіздік, мен өзіңе

Жетуді ылғи аңсағам,

Аңсау, ойлар,

Ол арманның

Қос қанатты

Пырағы!

Біздің елде

Биік төрде,

Егемендік тұрағы!

Жетпіс жылдай үстем болған

КСРО құлады!

Егемендік мәңгілікке

Жанарымда тұнады.

Таңдайымда тұрады!

Шамшырақ боп

Жанып тұрар,

Тәуелсіздік шырағы!

Шолпан БАЙҒАЛЫ,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Добавить комментарий