Отаным,
Биікке ілем
Туыңды ілсем,
Елдіктің, асқақтықтың құнын білсем!
Өзіңнің айбарыңа арқаланам,
Ата жауды сескентіп түңілдірсем.

Келді Отан,
қызыл қанмен, төккен термен,
Қызғанам көк Туыңды ескен желден.
Мен үшін тал-қайыңның жапырағынан,
Үзілген тамшың қымбат сексен көлден.

Киелі топырағыңда жаңарды ізім,
Сен десем,
бал-бұл жайнап жанар жүзім.
Үлбіреп үміттерім құшағыңда,
Қол бұлғап шақырады алар құзым.

Ұлы Отан, анам – сенсің,
балаң – менмін,
Арқалап арманымды саған келдім.
Сезіне жырласын деп қасиетіңді,
Қолына ұл-қызымның қалам бердім.

Әбу Жарқынұлы

Добавить комментарий