Бір өлең – бір әлем

***

Қурайды-ау бір күн жапырақ-көңіл,

Жаныңа жетсе салқын күз.

Аяйды деме ақымақты өмір,

Алдың – жар, биік артың – құз.

 

Мақсатың биік шолмаса егер,

Аласарудан шошыңыз.

Сор менен бақыт болмаса егер,

Қайтер екенбіз осы біз?!

 

Саласың суға, саласың отқа,

Басыңды тігіп бәйгеге.

Дүние деген таласып боққа,

Көңілдің сынды әйнегі.

 

Ұмтыласың көп, жұлқынасың кеп,

Біт еме түбі осымен?

Жомарттық қайда рухыма сіңген,

Бабамның ерген көшінен?!

 

Асыққын мейлі, мейлі асықпа,

Дәуренің өтіп барады.

Дүние жию ата кәсіп па?!

Түбінде бәрі қалады…

Добавить комментарий