Бір өлең – бір әлем
***
Жапырақ жұлынды ма жерге сіңіп,
Бара ма ғұмыр мына шерге сіңіп?..
Дөңгелеп зыр жүгірген бүгінімді
Ертеңге жалғайтын тек өлмес үміт…
Қарапты тамшылардың көзіне кім,
Онсыз да аздай осы сезінерім…
Мың санға уатылған жерге құлап
Тамшы ма, жоқ, мен соның өзі ме едім?
Шыңғырған сол тамшының дауысымен,
Білмеймін қайдан ғана қауышып ем?..
Қайғысын ести ме екен түні бойы
Табиғат тынып шықты тағы ішінен…
Тырсылдап шаққа тұрған төзімдей-ақ…
Оқытып қойды маған сезімге аят…
Таңертең үміт дүние оянады
Жұмысқа кетеді өмір көзін бояп…