(экспромт)
Мен сені түсімде көрдім,
Жыладым көзден қан ағып.
Басыңда сенің бабаларым тұрды,
Аппақ сәлдеге оранып.
Сені берсін деп, қырық әулиені шақырып,
Дұға тіледі даналық.
Мен сені тастардан көрдім,
Тоныкөк бабам қалдырған.
Мен сені көрдім,
Лағмул-мағфуздан – тағдырдан.
Тасаттық айтып, өзіңді күттік, көз ілмей,
Жұмақтан келер жаңбырдан.
Мен сені көрдім, сұлу қараса күлімдеп,
Айды тербеген алқызыл аңсар түнің боп.
Сені іздеп айтқан жүректе тұнған зарымнан,
Қобыздың дауысы дірілдеп.
Мен сені күттім,
Ұлытау басына от жағып.
(Ұлылар кетті сотталып!)
Мен сені күттім, мұрағаттарда сарғайып,
Жүрекке үлкен дақ салып.
Қош келіпсің, Тәуелсіздік деген патшалық!
Жантас ЕРКІНҰЛЫ,
ақын, жазушы, Қызылжар ауылының тұрғыны.