Арманым бар
Үмітіңе келген дөп,
Рухым барда бойымдағы сөнген бе От!
Қаным да – азат,
Жаным да – азат,
Ой – азат,
Тәуелді елде өмір сүріп көргем жоқ!
Өмір сүріп көргенім жоқ қыспақта,
Жүрміз біздер қолымызға ұстап Бақ!
Күнім де – азат,
Тілім – азат,
Ел – ғажап,
Еркіндікте шығып келем ұшпаққа!
Күлкім – күміс,
Балалығым – балдайын,
«Туған ел!» деп тақылдайды таңдайым.
Отан, саған бас иемін шаттанып,
Күнім – жарқын,
Ашық әр кез маңдайым!
Ұлы Дала ұланымыз – үмітпіз,
Өсудеміз қиындықсыз,
Күдіксіз.
Көк аспанға көз тігеміз сеніммен,
Күніміз жоқ өтетұғын қызықсыз!
Гүлге оранып байтақ далам,
Алабым,
Қуаныштың әнін шырқап саламын.
Өсиетін бойға жиған бабаның
Қасиетін қастерлеген баламын.
Бірлікті елге қасірет те төнбейді,
Алаулаған азат жүрек сөнбейді.
Тәуелді елде өмір сүріп көргем жоқ,
Мен – қазақпын,
Мен – ғажаппын,
Өлмеймін!
Күні ертең тартылғанда томаға
Қыраның боп қалықтаймын, о Далам!
Асырамын мәртебеңді, Қазағым,
Бас ұрамын бақыт берген Бабаға!
Дінасыл Серікбек.
Павлодар қаласы.
