Астана қаласында өтетін дүбірлі доданың жалауы көтерілетін шақ жақындап келеді. Қыркүйек айының 8-13 аралығында елорда
төрінде дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған әлемнің 89 елінен екі мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған шарада спорттың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынбақ.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны – адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуды мақсат етеді. Орта Азия көшпелі халықтарының этникалық спорт түрлерінен мықтыларды анықтайтын додабағдарламасына асық ату, арқан тартыс, көкпар, бәйге, теңге алу, аударыспақ, қазақ күресі, жамбы ату, тоғызқұмалақ, кұсбегі, дәстүрлі садақ атумен қатар ордо, ашыртмалы аба гюреши, көрәш, алыш, мас-рестлинг, powerful nomad, мангала, овари сынды өзге этностар ұлттық ойындары да енген.

Сондай-ақ, шара барысында «Көшпенділер әлемі» атты этноауыл жұмыс істейтін болады.Көшпенділер ойынын тамашалауға мыңдаған туристің келетінін ескерсек, тамашалаушыларға қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы таныстырылатын болады.

Добавить комментарий