Pavlodar, KZ
10°
Ясно

Жақында Астанада жалауы көтерілетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстарына қатысатын жамбы атудан (ат үстінде садақ ату)  ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны Алматыда өтіп жатыр.

  • Біз жыл басынан бері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатырмыз. Бұл өткізетін оқу-жаттығу жиындарының үшінші кезеңі, алда-тағы бір кезең бар. Жаттығу жиынына біздің ең мықты спортшыларымыздың 2 құрамы қатысады. Қазір біз шамамен 80 пайызға дайынбыз. Әрине әлі де жұмыс істеу керек. Қазір біз жылқыларды спорттық дайындаумен де айналысамыз. Алдағы додада Моңғолия, Араб елдері, Индонезия, Малайзия, Венгрия өкілдерін мықты қарсылас деп атай аламын,- дейді жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

  • Біз күн сайын дайындаламыз, дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында лайықты өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғаймыз деп сенемін,- деді жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Ералхан Айкөз.

Еске сала кетсек, Жамбы ату республикалық федерациясы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, құсбегілік, асық ату, теңге ілу, «JORYQ» және т.б. федерациялар кіреді. Қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Добавить комментарий