Баланы жастан жұмсап, жүгіртіп істете беру керек. Еңбекшіл азамат содан қалыптасады.
***
Балаңның жығылғаны да, жылағаны да – өзіне сабақ.
***
Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі – не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.
***
Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.
***
Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
***
Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.

Добавить комментарий