Ана тілі –

Ананың құнар сүті ғой,

Ғұмыр бойы сен еметін.

Ана тілі –

Халқыңның ырыс-құты ғой,

Игілігіңе кенелетін.

 

***

Көптен қалмау – көкке самғау емес. Әсіресе, өнерде.

 

***

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

 

***

Түйірдей болса да – түйінді ойың болсын.

 

***

Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.

 

***

Ерден ердің атықтығы – білігі, елден елдің артықтығы – бірлігі.

 

***

Кішілікке жараған – кісілікке де жарар.

 

***

Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік ерлікке жеткізер.

 

***

Өтіріктің арбасы шындықтың көпірінен өте алмайды.

 

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ.

Добавить комментарий