(Авторлық афоризмдер – 5)
2018 жылғы ақпандағы жазбалар:
Жаның қалауы – біреу ғана, тәнің қалауы – мың.
***
Өткеніңе көз таста – болашағыңа бағдар ал.
***
Адамның тәні жұмыс кезінде ауруды сезіне бермейді.
***
Атақ үшін адал еңбек ет, сосын ол сен үшін жұмыс жасайды.
***
Адамның дұшпаны – басындағы ойлары.
***
Мінезбен байланысты есімдерге толы шығармаларды құп көре бермеймін.
***
Біреудің тірлігіне келгенде бәрі – би!
***
Қызметтің зоры – басшылық емес, Алла жолындағы ниет.
***
Кешегі күнмен жүріп, бүгініңнен кешігіп қалма!
***
Жаңа бастық тақыр жерге бақша салдымға құмар. Кеудені құр соққаннан пайда не?!
***
Елдің қамын сөйле – өшпейсің!
***
Халықтың күйі бол, шырқа!
***
Жерде біздің қақымыз жоқ, ол болашақтікі!
***
Жаяудың шаңы шықпаса да, зары шығады.
***
Шежіре – ердің ғана емес, елдің де тарихы.
***
Жырсыз қазақ – бос кеуде!
***
Ел үшін еңбек ет,
Еліңнен шабыт ал!
***
Уақыт түлкінің құйрығы сынды, өткеніңді ысырып әкетеді.
***
Халық сенен басталады.
***
Қазақ тілі – Абайдың тілі.
***
Өнерің – көзіңнің нұры!
***
Менің сөзім – өнерім.
(Жалғасы бар…)