(Авторлық афоризмдер – 3)
2016 жылғы маусымдағы жазбалар:
Шебер адамның еңбек құнын қаншама жоғары бағаласаң, соншама жоғары сапалы тауар аласың.
***
Кейбір көкелеріміз еш жетістікке жетпей, жетістікке жету жолы туралы өзгелерге кеңес беріп тұрады.
***
Біздің санамыз соншалықты бұзылып кеткен, қасыңнан өткен бейтаныс кісіні біреудің құшағынан көргендей ой түйеміз.
***
Сенің көздеріңнен анамның көздерін көре алсам, болашақ балаларым үшін қуанатын едім.
***
Балаға жастайыннан қандай сөзді көп айтсаң, өскенде дəл сондай болып өседі.
***
Еркіндік ұғымы ауа сияқты баршаға керек, бірақ көзге көрінбейді жəне қолға ұсталмайды.
***
Депрессияға Жаратушыға сенім жоғалтқандар түседі.
***
Біздің қазақ сабырсыз ғой, жеміс ағашының көшетін жерге салып бір ай өтпей миуасын күтеді.
***
Біздің қазақ сөзге шеберіне шебер, бірақ дұрыс мақсатта қолдануды білмейді.
***
Адамның сезім мүшелері болмаса да күнəға бата алады. Өйткені шайтан қылмысқа итермелейтін себеп табады.
***
Жалқаулық – адамға өмірін жеңілдететін дүниені ойлап табуға итермелейді.
***
Айды жақын көрген сайын сұлулығы жоғалады, адамды жақын білген сайын махаббатың оянады.
***
Жазушы елге керек, еңбегі елге – қорек.
***
Біз керек заттарды көз алдымызға қойған сəттен бастап, олар керексіз затқа айналады.
***
Даралық əр адам бойында бар, бірақ əр адам өзінше түсініп, өзінше дараланады.
***
Өсімдіктің қолы жоқ, əйтпесе олар өсу үшін қолдан келгенін бәрін істейтін еді.
***
Ұйықтамаймын, тек көзімді жұмып өзге əлемге қыдыруға кетем.
***
Егер адамды тез қартайтқың келсе, түнде жұмысқа салып, күндіз ұйқтауға жатқыз.
***
Адам балаларының күнəға жақын болуының себебі олар жəннəттан қуылғаннан кейін дүниеге келген.
***
Кеңес беруші кісілердің айтар ойының негізінде, қолдары жетпеген армандары тұрады.
***
Ұлт рұхын көтеру үшін батырларымыздан үлгі аларлық жағдай жасауымыз керек.
***
Сəтсіздік – сенің көршің, туысың, егізің де емес. Сəтсіздік – жасаған қателіктерің жайлы ойлануға берілген уақыт.
***
Қоғам дамыған сайын елде бірлік жоғалатын сынды. Өйткені жер-жерге қарамай мерекелерде бас қосып жатқан ағайындар азайып барады.
***
Бар нəрсе бар сияқты, бірақ ештеңе жоқ.
***
Балық жер үстінде, құс су астында өмір сүруді таңдай алмайды.
***
Болашақта тарихи мұралар мен ескерткіштердің орынына голограммалар тұру қауіпі бар.
(Жалғасы бар…)