(Авторлық афоризмдер – 2)
2015 жылғы қаңтардағы жазбалар:
Үйлену өлең жазудай гәп емес, шығарма ұнамай жатса өзгесін бастай салатын.
***
Аспанға қарап жаттым, тамшы да тамған жоқ.
***
Адам баласының жыртқыштан айырмашылығы армандай білуінде деп білем. Өкінішке қарай жыртқыштар көбейіп барады.
***
Дәл қазіргі кездегі бар нәрсем қоқыс екенін білдім. Байлығым тек ол. Сол жан келіп өмірімдегі қоқысты алтынға айналдыра алады.
***
Бақыттым ол өзіме ұнайтын жұмыс, немесе жылы үй емес. Бақыттым ол ғана. Егер ол болмаса, қалған бар нәрсе өміріме рең бере алмайды.
***
Осы қоғамнан өз орнымды таба алмай жүрмін деп ойлаған едім. Сөйтсем, бәрі керісінше. Өз орыным, осында өз рөлім де бар екен іздемей-ақ табылды. Сол жайлы ұмытпағаным жөн болар.
***
Қазір елді тек сырт жағыңмен ғана таң қалдырмасаң, ішіңе үңіліп жатуға олардың қолдары тимейді.
***
Өнер адамдары жүрек соғысы сынды тыным білмейтін болады. Оларға күн мен түннің парқы жоқ, олар үшін тек өтелмей жатқан уақыт бағалы. Ғұмыр сағаттарын дұрыс пайдаланған ғана, мәңгі өлмеске айналады.
***
Өзгеге еліктеу – жоғалып бара жатқан өздігіңнің нышаны.
***
Өз басы жоқтар, өзгенің басымен жүреді.
***
Егер де жүрек төріндегі өздеріңізді сүйе алмасаңыздар, көңіл төріндегі өзгені сүю қиын.
***
Соғысты бастан өткізген сайын, өмір сүруге құлшыныс арта түсетіндігі анық. Мұны өмір философиясы деуге болады.
***
Мына қоғамда саналы адамдар көп сынды, жеме-жемге келгенде санасыздардың да көп екеніне көз жеткіземіз.
***
Керексіз жанды керекті ететін де, керекті жанды керексіз ететін де – махаббат!
***
Өзгенің бақытына кейде қызығып, кейде көре алмай жүргенше, өз бақыттыңды іздемейсің бе?!
***
Күні басталмай жатып, ұйқысы келетіндер көбейді.
***
Сыр – қамал есігі сынды, екінің-біріне ашыла бермейді.
***
Адам өмірі қарындашпен жазылмаған, дұрыс өмір заңына бағыну керек.
***
Елде салт-дәстүр сақталса, тіл де сақталады.
***
Әлемде екінің-бірі данышпан, ойшыл болса, әлем аштықтан қирап қалған болар ма еді.
***
Қаламның түр-әлпетіне көз жүгіртсең, кішкентай ғана сиясымен әлем дүние жасауға болады. Адамға қарасаң, белгісіз бір нәрсе…
***
Гармония теңдігін бұзып, адам болғанша, оны бұзбаған жан болғаным абзал.
***
Адамдай пайдасыз, зиянкеш жоқ шығар?!
***
Жапырақ үзілсе, орнын басқасы басады, ал адам орынын дәл сондай жан баса алмайды.
***
Адам баласының әрекетті шошқадан көп айымашылығы жоқ жанзат.
***
Өмірде өлім уақытынан өзге бәрін өзгертуге болады.
***
Қазір – дарынға емес, қаржыға қараған заман.
***
Біздің қазақтар неге өзгенің ақшасын санауға құмар екен ә?
***
Еврей халқы өзара бір-біріне қол ұшын созып көмектескіш келеді. Ол жүйе бізде де бар, бірақ ұлт ішінде емес, ру ішінде.
(Жалғасы бар…)