
Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақ.
***
Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
***
Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер билер заман.
***
Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?!
***
Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады.
***
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
***
Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесе.
***
Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.
***
Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек!
***
Әркім өзі жақсы білетін нәрсені сынауы керек.
***
Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
***
Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.
***
Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы.
