Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикаоық универсиететінде бірнеше жылдар дересінде жұмыс істеп келе жатқан «Құс-қанат ғұмыр» поэзия клубы әдеби ортаға танылып үлгерді. Студент жастар дүркін-дүркін жыр кештерін өткізіп, қалалық, облыстық мүшәйраларда топ жарып келеді. Оқырман назарына аталған әдеби бірлестіктің мүшелерінің тырнақалды туындыларын ұсынамыз.
Үмітімнің үнсіз мұңы
Бір тұңғыйық, түпсіз ойдың ішіндемін,
Қиялымда сені мінсіз мүсіндедім.
Үмітімнің бос екенін ұққанымда,
Жүрегімнің қиналғанын түсінбедің.
Түсінбеймін махаббат па, жастық па?
Әлде бір сәт қате қадам бастық па?
Ғашықтыққа балап жүрген кездерім
Уақытша бір сезімдерге мастық па?
Кешіріммен қарап әрбір ісіңе,
Жеңіс бердім сезімімнің күшіне.
«Тек соңғы рет кешіремін» деуменен
Баттым талай жалған сенім ішіне.
Көргенімде суретіңді қызбенен,
Жүрегімді жараладың мұзбенен.
Ақталмады саған артқан сенімім,
Үмітім де әлі күнге үзбеген.
Мағынасыз сөздер айтып шын дедің,
Менен кінә кетті ме әлде, білмедім.
Шырмаулы ойдың құшағына байланып,
Ұнай ма, айтшы, дәл осылай жүргенің?
Айдана АБДИБЕК.
***
– Луна сегодня красивая, не правда ли?
– Такая красивая, что умереть можно!
Нацумэ Сосэки
Көрініс көпті бөлек етіп тұр,
Уақыт сәтке дамылдап.
Ақын аруға өлең оқып тұр,
Алатау оны бауырға ап…
Жауап қатады, сыр күткеніне,
Сезім – ең үстем таптағы.
Арудың қонып кірпіктеріне,
Тәңір-әкемнің хаттары.
Хамит ақынның жағалауында,
Бақпенен баппен барамыз.
Қоңыр күз – ұшқан шағала-мұң да,
Жүректе – көктем, дала – қыс.
Көңілім егіз аппақ әлеммен,
Келмейді оны таптағың.
Үзіліп түсіп жатқан өлеңмен,
Келеді сәтті сақтағым.
Дауысы бір сәт бәсеңдеп мұңның,
Секілді әлем – пәк өлең!
Сөзсіз мәнін ұқ, көздегі сырдың:
«Ай сұлу бүгін және мен».
Қарақат ҒАЙБИРАН.
Сағындым
Сағындым, оны мен жасырмаймын,
Сағынғанда суретіңді көп қараймын.
Сағыныш сергелдеңге салған кезде,
Сан ойларда адасып қалғандаймын.
Сен мені сағынышқа салмағанда,
Сезбес едім сезімімнің мол екенін.
Сен мені сағындырып қоймағанда,
Сезбес едім сағыныш сор екенін.
Сағынамын қараған көздеріңді,
Сағынамын сүйем деген сөздеріңді.
Сен де мені сағынасың, мойындашы,
Сезім сыйлай ала ма өзге енді?
Сағынышпен өткендерді сағым қылдық,
Сағыныштан арамызға бөгет құрдық.
Сағынсақ та «Сағындым», – деп айта алмай,
Сезімдерді тұншықтырып біздер тындық.
Нұршат МАМАДӘЛІ.
Сезім
Сезіміңді сөзбен айтып жеткізбей,
Сүйе тұра өзіңдікі еткізбей.
Сүйгеніңе сезіміңді айтқанда,
Болмас еді сүйген жандар дөп біздей.
Сезім деген ғаламға біздер ұшқанда,
Сендік етші өзімді біраз күш сал да.
Бақытымды көрем жалғыз тек сен деп,
Ауыр мұңдар жүрегімді қысқанда…
Жүрегімнен орын тапқан жүрегім,
Өзіңді ғана сүюді мен білемін.
Басқаларын көзім еш бір көре алмас,
Бақытым деп өзіңді ғана көремін.
Сыр шертетін сезімдерді ақтарып,
Бөленерміз бақытқа бір бақ тауып,
Сенімімді ақтамаған болса да,
Бақытымыз жадымда тұр сақталып.
Қиналса да махаббатым, сөнбедің,
Сенім деген семсеріңді сермедің.
Сезім менен сенім болды ең дұрыс,
Мәңгі болған махаббатым сен бе едің?
Сабина РАМАЗАНОВА.
Махаббат, ол…
Мен сезімді татып көрдім, жалғандау ма, әлде шын,
Мына ғалам маған жапты махаббаттың сәлдесін.
Мезгілсіз шақ, бір тұрағы жоқ болса,
Кездеседі, мұндай мұңлық жан несін?
Жо-жоқ тағдыр жолдары осы бұралаң,
Сан алуан сынақтармен өмір жолын құраған.
Санамдағы жауапсыз сан сұрақтан,
Жаратқаным, өзің қорға сұранам…
Махаббат ол – тіршіліктің өрнегі,
Адал сезім алаулаған мендегі.
Жүрек деген бір уыс ет бүрісіп,
Ақыл, мидың арбауына көнбеді.
Тұрар МУХАРАП.