Республика күні – Тәуелсіздікке бастар жарқын жол. 25 қазан – қазақ халқы үшін өте маңызды күн. 1990 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданды. Сол арқылы еліміз өз болашағын өзі шешуге, өз заңдарын қабылдауға және өз рәміздерін орнатуға мүмкіндік алды. Яғни, Республика күні – біздің Тәуелсіздікке бастаған алғашқы қадамымыздың белгісі.

Республика күні – бірлігіміздің және тәуелсіздікке деген ұмтылысымыздың символы. Бұл мереке арқыл біз өткенімізді еске алып, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін түсінеміз. Егемендік жылдары Қазақстан экономикасын дамытып, жаңа мектептер, жолдар, зауыттар мен тұрғын үйлер салып, әлемге танылған мемлекетке айналды.

Бұл мереке – халқымыздың достығын дәріптейтін күн. Әр қазақстандық осы күні өз елін мақтан тұтып, жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті сезінеді. Республика күні – ел болашағы үшін еңбек етіп жүрген барша азаматтарға шабыт сыйлайтын, елдің болашағына сенім ұялататын мереке.

25 қазан – жай ғана демалыс немесе мереке емес, ол — біздің ел болып қалыптасқанымызды, тәуелсіз ел екенімізді еске түсіретін, соны құрметтейтін ерекше күн. Республика күні құтты болсын!

 

Әли ӘЛІБЕК,

«Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

Добавить комментарий