(ертегі)

Баяғы заманда, адамзаттың ізі жаңа түсе бастаған кезде Ертіс өзені ағып жатқан жерлердің бірінде, қазіргі Павлодар облысының кең даласында, бір шағын ауыл өмір сүріпті. Бұл ауылдың басты күші отбасы бірлігі екен. Әрбір шаңырақ өз ара тату-тәтті, бір-бірін қолдаған, ал балаларды «дүниенің ең қымбат қазынасы» деп санаған. Ауылда Талғат пен Айсұлу атты ерлі-зайыптылар өмір сүрді. Олардың үш баласы болды. Үлкені батыр Бекзат, ортаншысы зерек Айғаным, ал кенжесі қиялшыл Нұрай.

Бір күні Ертістің жағасында ойнап жүрген балалар аспаннан құлаған бір жұлдызды көреді. Бірақ ол жұлдыз жай ғана тас емес еді. Ол жасырын жұлдыз, Ертіс бойындағы табиғаттың жүрегі болып шықты. Егер ол жоғалса, дала құрғап, орман өспей, көлдер тартылып қалады. Балалар жұлдызды қолына алғанда, ол оларға сыбырлап сөйледі.

– Менің күнім санаулы қалды… Мені қайтадан аспанға шығаратын тек шынайы отбасылық махаббат. Бірақ ол үшін сендерге үлкен сынақтан өтуге тура келеді.

Түн ортасында бүкіл отбасы бірге жиналып, жұлдыздың айтқанын тыңдады. Олар «қорықпаңыз, барлығымыз біргеміз!» деп шешіп, жолға шықты.

Алдымен олар Баянауылдың асқар тауларына барды. Онда айдаһардай бұралаңдап жатқан қара тас жолбарысы күзетіп тұрды. Ол әр келген жаннан:

– Сендерге не ең қымбат? Байлық па, билік пе? – деп сұрайды екен.

Бекзат өзінің батырлығымен:

– Бізге ең қымбат – отбасымыз! – деді.

Сол сәтте жолбарыс тастан қайта тірілгендей, бірақ көзінен жас ағып, оларға жол ашты.

Келесі сынақ Қарқалы маңындағы көкшіл ормандарды күтіп тұрды. Онда Ымырт перісі тұрды. Ол Айғанымға қарап:

– Сенің зеректілігің бар, бірақ кейде жалғыз қалғанды ұнатасың. Отбасыңды шынымен тыңдай аласын ба? – деді.

Айғаным ойланып, күлімсіреп:

– Біз бірге ғана мықтымыз. Мен әр қашан өз отбасымды тыңдаймын, өйткені әр қайсымыздың жүрегімізде даналық бар, – деп жауап берді.

Перінің қараңғылығы сейіліп, орман жарқырап өсе бастады.

Соңғы сынақ Екібастұздың маңында болды. Онда кенже Нұрайды уақыт күзетшісі тосып тұрды.

– Сен қиялшылсын, бірақ қиял шындыққа жарай ма? – деді ол.

Нұрай ойланып тұрып:

– Қиял – біздің үмітіміз. Егер отбасымен бірге армандасақ, ол міндетті түрде шындыққа айналады! – деді.

Сол сәтте уақыттың қақпасы ашылды. Ертістің жұлдызы қайта өз орнына оралды. Отбасы үш сынықтанда өтті. Жұлдыз олардың қолында күшейіп, қайтадан аспанға көтеріліп, сол сәттен бастап Павлодардың даласы жарқырап гүлдеді, көлдер мөлдіреп толды, ал Ертіс бұрыңғыданда қуатты болып ақты.

Жұлдыз қоштасқанда былай деді:

– Әр бір отбасы – менің шағын жұлдызым. Бірлік болса, жер де, ел де, болашақта жарқырайды.

Содан бері Павлодар облысының аспаныңда ерекше бір жұлдыз пайда болды дейді. Ол тек бір–бірін сүйген, қолдаған отбасыларға ғана жылтырап көрінеді екен.

 

Жанбота ЖАНСЕРІК,

оқушы, Ақсу қаласы.

Добавить комментарий