Баяғы өткен заманда, байлығына сан жетпейтін Қарабай деген бай болыпты. Ол әлемдегі ең бай адам екен. Қарабайдың ай десе ауызы, күн десе көзі бар, ғажайып сұлу қызы болыпты. Қызының аты – Баян екен. Баянға құда түсу үшін жан-жақтан жігіттер ағылады. Алайда, Баян олардың ешқайсысын да ұнатпайды. Әкесі Қарабай да анау-мынау адамдармен қол алысып, амандаса бермейтін тәккапар жан көрінеді. Арада бірнеше жылдар өтеді. Қарабай қызының өзіне лайықты жар таппағанына алаңдайды. Қарабайдың басына Баянды басқа жаққа көшіру туралы ой келеді. Соңынан, тек қана Баянды емес, оның ауылын да көшірмекке бел буады. Сөйтіп, Қарағанды мен Кереку арасындағы аймаққа келіп қоныстанады. Баянның сұлулығына тамсанып, құда түсуге келген жігіттердің саны бұрынғысынан да арта түседі. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Ел арасында Баянның ауылы қайда? деген сөз тәмсілге айнала бастайды. Сол кезден бастап Баянның жаңа ауылы «Баянауыл» деп аталған.

 

Ділназ ДӘУЛЕТБЕК,

оқушы, Баянауыл ауданы.

«Ертiс-Баян ертегiлерi» кітабынан.

Добавить комментарий