Мұхтар Шаханов – әлем мойындаған ақын. Оған мына пікірлер дәлел:
Шаханов поэмасына ЮНЕСКО тарапынан ерекше назар аударылуының басты себебi қазiргi кезеңдегi Орта Азия қоғамдық-философиялық ойлау деңгейiнiң жаңа белестерге қол артқандығынан емес – осы дара ақын туындысының бүгiнгi əлемдiк поэзиядағы жаңа биiктiк ретiнде мойындалуында жəне оның өз сана-түйсiгi арқылы ХХ ғасыр тудырған келеңсiздiктерге батыл күрес ашуында жатса керек.
Ханс-Петер ДЮРР,
Нобель сыйлығының лауреаты.
***
Ол – жаңаша ойлау дүниесiнiң өренi. Менiң пайымдауымша, мұндай өзгеше мəн-мазмұнға ие ақын бүгiнге дейiн күллi Азия əдебиетiнде болған жоқ.
Бұған көз жеткiзгiңiз келсе, оның поэмалардан құралған «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделiк құпиясы) атты алып тынысты романын оқыңыз. Нақ осындай заңғар деңгейдегi ақын ХХ ғасырмен ХХI ғасыр аралығында бой көрсетуi керек-ақ едi. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екенi даусыз.
Шыңғыс АЙТМАТОВ.
***
Мұхтар Шаханов – өзiнiң адасқақ дүлей дəуiрiнiң белсендi ар-ұжданы. Оны билiк тұғырындағылар бағалай қояр ма екен? Бiрақ мен осындай азаматтың өзiме жақын дос екенiн мақтан етемiн.
Расул ГАМЗАТОВ.