Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі,  «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.

Халқымыздың салт-дәстүрін, тілі мен дінін, ұлттық өнерін, тарихын, өскелең ұрпаққа насихаттау, батыр бабаларымызға тағзым етіп, ел тарихын жырлап, ұлттық рухани құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткен жыр додасына Павлодар қаласынан Аспанбек Шұғатай, Абзал Қабдраш, Мизан Жұмали, Екібастұз қаласынан Бағдат Әлекбаев,  Рауан Қайдаров, Павлодар ауданынан Алтай Қадырбек, Баянауыл ауданынан Мәрес Байрон, Нұрбек Бәкір,  Тілек Сейтов, Абай облысынан Айбек Жеңісқазин, Астана қаласынан Бөкен Жігер, Шымкент қаласынан Қажымұхан Абзалов сынды 12 ақын қатысып, бәйгеге түсті.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Аспанбек Шұғатай, І орынды Рауан Қайдаров, ІІ орынды Тілек Сейтов, ІІІ орынды Нұрбек Бәкір қанжығасына байлады. «Иса Байзақов атындағы арнайы жүлдені» Абзал Қабдраш, «Жаяу Мұса атындағы арнайы жүлдені» Қажымұхан Абзалов, «Қалмұқан Исабаев атындағы арнайы жүлдені» Алтай Қадырбек иеленді.

Барлық ақынға диплом, алғыс хат және қаржылай сыйлық табысталды.

Добавить комментарий