Баянауылда тарихи тұлға, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Қазақ ғылымының атасы» ақындар айтысы өтті.

Республикалық айтысқа мүйізі қарағайдай 12 ақын қатысты. Сөз додасын Алашқа аты шыққан Аманжол Әлтаев жүргізсе, қазылар алқасының төрағасы айтыстың атасына айналған Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманов болды.

Айтыс екі күнге жалғасты. Екінші айналымда алты ақын сөз таластырды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша айтыстың бас жүлдесі – автокөлікті баянауылдық Аспанбек Шұғатаев жеңіп алды.

Бірінші орын маңғыстаулық Абай Жолмағанбетке бұйырса, екінші орынды қарағандылық Тілеген Әділов, үшінші орынды Шымкенттен келген Нұрлан Есенқұлов пен екібастұздық Рауан Қайдар еншіледі.

Сондай-ақ Еркебұлан Қайназар (Астана), Айтбай Жұмағұлов (Қарағанды), Батыржан Кәдірбай (Атырау), Нария Ақбабақызы (ШҚО) арнайы жүлдеге ие болды.

Добавить комментарий