Кейде өмір бірін-бірі шын сүйген ғашықтарды біріне-бірінің маңызды екендігін көрсету үшін ажыратып жібереді.
(Пауло Коэльо)
***
Пойыз соңғы станцияға жеткенде, түсу керек.
(Каллин Пауэл)
***
Кімде-кім «басқалар бақытты болсын» деп өз ғұмырын сарп етсе, оның жаны әсемдікке бөленіп, жұлдызы жана түседі.
(А. Сухомлинский)
***
Құбылған әлем жаршысы – ақылды жанның табысы.
(Шәкәрім)
***
Адамға берілген ерік – өзіне дұшпан.
(А. Иассауи)
***
Қандай сайда жүрсе де, тау басында тұрғандай көзге түсетін немесе шыңның биігінде тұрғанмен көрінбейтіндер болады.
(Шығыс шайыры)
***
Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе,
Уағыз айтып жету қиын.
(Сенека)
***
Бәрін алған – құлқанның құлы,
Барын берген – ұлы.
(Хафиз)
***
Бақыт – адам беделі,
Ол еңбекпен келеді.
(Рудаки)
***
Талантты сүю керек, тарих алдында бетің ашық болады.
(Гете)
***
Өркениетті елдің құрылымы шығармашылықпен айналысатын аз адамдардан және жігерсіз енжарлыққа бой ұрған көпшіліктен тұрады.
(А. Тойиби)
***
Жер аламын деп жүргенде, жер сені алып, сонан соң, мәңгіге дем аласың.
(Иранғайып)
***
Әркімде сенген ісін орындауға жетерлік күш-қайрат болады.
(Гете)
***
Қорқақ адам – ең қауіпті адам.
(Карл Берне)
***
Жаман ойлар сана-сезімді жаулап алғанда, дереу одан бойыңды аулақ ұстауға тырыс. Болмаса барған жеріңнен кері қарай қайта алмайсың.
(Эпикур)
***
Жүрек таза болса, тілден әдемі сөздер шығады.
(Хазіреті Әлі)
***
Адам қаншалықты аз ойласа, соншалықты көп сөйлейді.
(Монтескье)
***
Заң шығарар алдында өзіңді сол заңға бағындыратындардың орнына қой.
(Екатерина ІІ)
***
Алтынның тазалығын отпен, әйелдің адалдығын алтынмен, ал ер-азаматтың адамгершілігін әйелге деген көзқарасы бойынша сынап білуге болады.
(Сенека)
***
Заңдар бізден күшті, ал біз заңдардан да күштіміз.
(Демосфен)
***
Ғылымын пайдаланбайтын адам басқаны киіндіріп, өзі жалаңаш қалған ине сияқты.
(Имам Ғазали)
***
Құрма ағашын жаратқан Құдай тікенді де жаратқан.
(Құтып)
***
Саясат – ғалымдардың ісі емес.
(Иби Халдун)
***
Аузымдағы тіл мен жақ – басымдағы сор мен бақ.
(Досбол ақын)
***
Егер қарттар өздерінің көрген-білгендерін жастарға айтып отырмаса, онда қариялардың өздері кінәлі.
(Платон)
***
Апыр-ау! Фарабидің асқазаны қандай мықты! Оның қорытпаған ғылымы жоқ.
(Гегель)
***
Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам.
(Эпиктет)
***
Амалыңды түзетсең, әдетіңе айналады, әдетіңді түзетсең, мінезіңе айналады, мінезіңді түзетсең, тағдырыңа айналады.
(Л. Толстой)
Жинақтаған: Тоғайбай Кентай.